Еліміздің 6 өңірінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі төмендеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық өнеркәсіп орындары биыл қаңтарда 3 653 млрд теңгенің өнімін өндірді. Оның ішінде кен өндіру саласына тиесілі үлес 1 881 млрд теңге болса, 1 470 млрд теңге өңдеу өнеркәсібінен келді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

ҰСБ ұсынған мәлімет бойынша өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі артқан. Яғни өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ға өсім байқалды.

Өндіріс көлеміндегі оң динамаика еліміздің 14 өңірінде тіркелді. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары мен елордада көрсеткіштер керісінше төмендеген.

Өнеркәсіптің негізгі салаларының ішінде электр энергиясы, газ, бу, ыстық су және ауа баптаумен байланысты жабдықтауда айтарлықтай өсім байқалған.


Соңғы жаңалықтар