+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Еліміздің 6 өңірінде балабақшалар жұмысын тоқтатты

2020 жылғы 26 наурыз 16:20
Бөлісіңіз:
Еліміздің 6 өңірінде балабақшалар жұмысын тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің 6 өңірінде балабақшалар жұмысын тоқтатты. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Түркістан, Ақмола, Алматы облыстарында балабақшалар жұмысын тоқтатты. Қалған өңірлерде балабақшалар штаттық режимде жұмыс жасауда. Алайда балабақшаларға балаларды ата-аналары өз еркімен апаруға мүмкіндігі бар. Апармаған жағдайда балалардың балабақшадағы орны сақталады»,- деді ол.

Министрдің дерегінше, қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс жасайтын балабақшаларға тек 67 мың бала келуде. Бұл көрсеткіш 11 пайызды құрайды.

«Бұл жерде білім басқармаларының басшыларына айтарымыз, жалпы балабақшаларда мүмкіндігінше аз балалар жиналған кезекші топтар жұмыс жасауын қамтамасыз ету қажет», - деді Дәурен Абаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT