+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Еліміздің 6 қаласында қоқыстан электр өндірілмек

2020 жылғы 26 қараша 18:22
Бөлісіңіз:
Еліміздің 6 қаласында қоқыстан электр өндірілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев IX Азаматтық форумда жаңа Экологиялық кодекстің маңызды бағыттарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту мақсатында Елбасы мен Қазақстан Президентінің тапсырмасымен ЭЫДҰ-ға мүше елдердің тәсілдері негізінде Экологиялық кодекстің жаңа жобасын әзірледік. Жоба белсенді талқылау кезеңінен өтті. Оған 2 мыңға жуық түзету келіп түсті, 40-50%-ға өзгертілді және онда 7 негізгі бағыт көзделген», - деді министр.

Ең алдымен атмосфералық ауаның, судың, топырақтың ластануы мәселесін шешу үшін өнеркәсіптерге ең озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ) енгізу көзделген.

«Еуропада озық қолжетімді технологиялар арқасында шығындылар 94%-ға төмендеді. Бұл жұмыс 15 жылға созылған. ОҚТ енгізген кәсіпорындар эмиссия төлемінен босатылады. Егер кәсіпорындар ОҚТ пайдаланбаса, эмиссия үшін төлем ставкалары анағұрлым артады. Яғни, мемлекет шығындарды табиғат пайдаланушылармен бөліседі», - дейді М. Мырзағалиев.

Қалдықтардың жиналуын азайту үшін WASTE TO ENERGY технологиясымен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату енгізіледі. Қоқыс өртеліп, электр қуаты өндіріледі және ол жалпы электр желісіне сатылады.

«Жақында ғана Мемлекет басшысы тиісті заң жобасына қол қойды. Қазіргі уақытта біз 6 пилоттық қаланы анықтадық, олар – Ақтөбе, Алматы, Атырау, Нұр-Cұлтан, Тараз және Шымкент. Әкімдіктермен жер учаскелерінің, инфрақұрылымның болуы және кепілдендірілген қалдық жүктемесі мәселелері пысықталуда. Пилоттық жобалар табысты іске асқан жағдайда бұл тәжірибе басқа қалаларға да таратылады. Осы технологияның арқасында 2025 жылға қарай қайта өңдеу деңгейін 30%-ға, яғни орта еуропалық деңгейге жетуді болжап отырмыз», - деп түсіндірді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT