Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 желтоқсан күні Қазақстанның 6 қаласында метеорологиялық жағдай жайсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларында метеорологиялық жағдай жағымсыз болады. Атмосферада ластаушы заттар шоғырлануы ықтимал.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.  

 

Соңғы жаңалықтар