Еліміздің 4 облысында үсік жүреді - синоптиктер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың тек солтүстігінде фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Жекелеген аумақтарда жел күшейеді. Оңтүстікте оған шаңды дауыл араласады. Шығыста және оңтүстік-шығыста тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облыста күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-25 м/с артады.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарының, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысында оған шаңды дауыл араласады.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.  

Түнде Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді. Ал Қарағанды облысында 1-6 градус үсік болжанады.

 

Соңғы жаңалықтар