USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Еліміздің 3 өңірінде террористік қауіптің «қызыл» деңгейі сақталады

2022 жылғы 15 қаңтар 21:57
Бөлісіңіз:
Еліміздің 3 өңірінде террористік қауіптің «қызыл» деңгейі сақталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің 2 облысында және бір қаласында террористік қауіптің «қызыл» деңгейі сақталады, деп хабарлайды Республикалық Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Андрей Лукин діни экстремизммен күрес шараларын ұсынды Байқоңыр қаласында террористік қауіптіліктің «көк» деңгейі енгізілді Елордада ТЖ режимі кезінде 7 қару тәркіленді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» №611 Жарлығының талаптарына сәйкес терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық және қалалық жедел штабтар басшыларының шешімімен 2022 жылғы 13 қаңтардан бастап еліміздің келесі өңірлерінде террористік қауіптіліктің орташа («сары») деңгейі белгіленді:

- Солтүстік Қазақстан облысында және Қарағанды облысының Балқаш қаласында 14 тәулік мерзімге;

- Павлодар облысында 10 тәулікке;

- Ақмола облысында ерекше өкімге дейін.

2022 жылғы 14 қаңтардан бастап Батыс Қазақстан облысында террористік қауіптіліктің орташа «сары» деңгейі 14 тәулікке енгізілді.

Террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі ү.ж. 13 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан қаласында және 14 қаңтардан бастап Шымкент қаласында 14 тәулік мерзімге енгізілді.

Аса жоғары «қызыл» деңгей Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы қаласында сақталуда. Аталған өңірлерде терроризмге қарсы операция жалғасуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT