Еліміздің 13 өңірінде өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы қаңтар-сәуірде еліміздің 13 өңірінде өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі артты. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитет дерегіне сәйкес, 2019 жылғы қаңтар-сәуірде 2018 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Тамақ, сусын өнімдері, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі өсті. Сонымен бірге, темекі бұйымдары және қара металлургия өнімдерінің өндірісі төмендеді.

Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде байқалды.

Қаңтар-сәуірде Қазақстанда 29,3 млн тонна мұнай мен газ конденсаты, 36,8 млн тонна мыс кені, 1,3 млн тонна ұн, 1,2 млн тонна бензин, 1,6 млн тонна газойлдар, 2,4 млн тонна портландцемент, 0,6 млн тонна жазық илек, 0,1 млн тонна тазартылған тыс және 36, млрд кВТ-сағат электр энергиясы өндірілген.

Соңғы жаңалықтар