Еліміздің 12  өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
2022 жылғы 19 мамыр 18:44

Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сільеме жасап.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде күн күркірейді. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысын шаңды дауыл басады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде желдің екпіні - 15-20, солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с-қа жетеді. Көкшетау қаласында күндіз кей уақыттарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15 м/с-қа жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай ойнайды, солтүстігінде бұршақ жауады. Түнде батысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз батысында, оңтүстігінде, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ақтөбе қаласында күндіз күн күркірейді.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында , күндіз басым бөлігінде күн күркірейді. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде желдің екпіні – 15-20 м/с. Атырау қаласында күндіз кей уақыттарда найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

ШҚО Жарма ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады. Батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында желдің екпіні – 15-20 м/с. Орал қаласында күндіз күн күркірейді.

Қостанай облысының орталығында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың шығысында желдің екпіні – 23-28 м/с. Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігін шаңды дауыл басады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың орталығында, Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с-қа жетеді. Ақтау қаласында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласын күндіз шаңды дауыл басады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысында батыстан жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында күндіз батыстан жел соғады, екпіні – 18 м/с.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с, күндіз екпіні – 23-28 м/с. Петропавл қаласында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші –15-20 м/с, күндіз екпіні – 23-28 м/с.

Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні –15-20 м/с.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT