Еліміздің 10 өңірінде шіліңгір ыстық болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды су айдыны мен орманды-далалы аймақтарда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, еліміздің 10 өңірінде қатты ыстық сақталады. 15 шілде күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында 35-39, 40-42 градусқа дейін қатты ыстық, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел, кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

15-16 шілде күндіз Ақмола облысының кей аймақтарында 35 градус ыстық пен төтенше өрт қаупі сақталады. Дауыл ықтималдығы – 80-85%.

«Республикада қатты ыстық ауа райы өзгермей тұрғандықтан, өрт қаупінің жоғары дәрежесі сақталады» делінген ТЖК хабарламасында.

Төтенше жағдай комитеті азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар