Еліміздің 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометтің сайтына сілтеме жасап.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ақтөбе қаласында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 16 м/с болады деп күтіледі.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан, солтүстік шығыста екпіні 25 м/с жел соғады. Іле Алатауы, Жетісу Алатауында күндіз найзағай ойнайды. Найзағай кезінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Қырғыз Алатауы тауларында күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус аяз күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында екпіні – 15-20 м/с. Орал қаласында түнде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні –15-20 м/с.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жезқазған қаласында күндіз 35 градус аптап ыстық болады деп болжануда.

Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл, аптап ыстық 35 градусқа дейін күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында желдің күші – 15-20, екпіні – 25 м/с, күндіз басым бөлігінде желдің күші – 15-20, екпіні – 23-28 м/с. Қостанай қаласында күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші –15-20, күндіз екпіні –23 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 42 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде желдің екпіні – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде желдің екпіні – 15-20 м/с. Петропавл қаласында күндіз найзағай, дауыл күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.


Соңғы жаңалықтар