Елімізден Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йоркке әуе рейстері қашан ашылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл елімізден 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық жолаушылар авиатасымалдарын дамыту үшін 2017 жылдан бастап «open sky» режимі енгізілді, нәтижесінде жыл сайын жаңа халықаралық маршруттар ашылуда. Бүгінгі күні 27 елге 103 авиамаршрут бойынша халықаралық тасымалдарды 3 отандық, 26 шетелдік авиакомпания орындайды, бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштерден жоғары», - деді Марат Қарабаев.

Министрдің атап өтуінше, осы биыл 18 жаңа маршрут ашу жоспарланып отыр. Оның 9-ы ашылды.

«Жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады деп жоспарлап отырмыз. 2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа қалаларға рейстерді ашу көзделуде», - деді ол.

Осыған дейін Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестік деңгейі 82 пайызды құрағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар