Елімізден коронавируспен ауырған 27 мыңнан астам науқас стационарда жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 117 566 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«26 тамыздағы мәлімет бойынша, 117 566 адам коронавирус инфекциясынан (–111 242 + және 6 324 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 27 244 пациент стационарда, 90 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 857 адамның жағдайы ауыр, 516 пациенттің жағдайы өте ауыр, 208 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар