Еліміздегі жұмыссыздықты 100 пайыз шешуге болады, бірақ қажетті маман тапшы - Елбасы

None
None
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Еліміздегі жұмыссыздықты 100 пайыз шешуге болады, бірақ қажетті маман тапшы.

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру» атты ХІХ сессиясында сөз сөйлеген ҚР Президенті,  Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев  осылай мәлім етті.

«Кімде мамандық болмаса, соның жағдайы қиын. Бүгінгі күні Қазақстандағы жұмыссыздықты 100 пайыз шешіп тастауға болады. Мәселе, мамандықтарға қатысты болып отыр. Яғни, мамандар жетіспейді. Адам бар, бірақ оның қажетті мамандығы жоқ», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Президент кәсіптік-техникалық мектептерде 600 мыңға тарта оқушыр білім алып жатқанын еске алып, олардың жұмысқа орналасуын бақылау қажеттігін атап өтті.

«Осыған сәйкес, «Самұрық-Қазына» қорына базалық кәсіпорындар тізімін айқындап, тиісті бағыттағы жұмысты жүргізу үшін сатыланған жоспарды әзірлеуді тапсырамын. Бұл бізге жаңа индустрияландыру үшін кадрларды оңтайлы әзірлеуге мүмкіндік береді», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар