Еліміздегі жолдарда жабылған 18 учаскеде көлік қозғалысы қалпына келтірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа-райының жақсаруына байланысты еліміздегі жолдарда жабылған 18 учаскеде көлік қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» компаниясын баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұзындығы 299 шақырым болатын 2 учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған, ал бұрын жабылған 18 учаскеде көлік қозғалысы қалпына келтірілді.

Келесі автожолдарда көлік қозғалысы үшін ашылды:

1. «Нұр-Сұлтан –Щучинск» жолының 18-231 шақырымы

2. «Нұр-Сұлтан-Теміртау» жолының 1291-1425 шақырымы

3. «Жезқазған-Петропавл» жолының 552-565 шақырымы, Сұрған-Знаменка

4. «Алматы-Өскемен» жолының 971-1068 шақырымы (Қалбатау-Қ.Қайсенов (жеңіл көліктер үшін)

5. «Қызылорда-Павлодар» жолының 1135-1208 шақырымы, (Қарағанды обл.-Шідерті)

6. «Қызылорда-Павлодар» жолының 1208-1251 шақырымы, (Шідерті-Екібастұз)

7. «Жезқазған-Петропавл» жолының 595-701 шақырымы, (Ақмола обл–Новоишимка)

8. «Жезқазған-Петропавл» жолының 701-795 шақырымы, (Новоишимка-Сергеевка)

9. «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» жолының 75-119 шақырымы.

10. «Тимирязево-Сарыкөл-Қостанай обл» жолының 0-31 шақырымы, (Тимирязево-Қостанай обл)

11. «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Қиялы-Рощенское» жолының 0-228 шақырымы, (Булаево-Рощенское)

12. «Екатеринбург-Алматы» жолының 856-917 шақырымы, (СҚО-Жақсы)

13. «Екатеринбург-Алматы» жолының 1006-1247 шақырымы, (Атбасар-Нұр-Сұлтан)

14. «Екатеринбург-Алматы» жолының 686-729 шақырымы, (Сарыкөл-СҚО)

15. «Өскемен-Шемонаиха-РФ» жолының 105-123 шақырымы, (Шемонаиха-РФ)

16. «Омбы-Майқапшағай» жолының 915-1087 шақырымы, (Қалбатау-Боғас)

17. «Қызылорда-Павлодар» жолының 1066-1135 шақырымы, (Молодежный-Павлодар обл)

18. «Қызылорда-Павлодар» жолының 1135-1251 шақырымы (Қарағанды обл.-Екібастұз)

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған. Жалпы екі облыста жол қозғалысы жабық:

1. «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» 16-235 шақырымы (Нұр-Сұлтан–Шідерті)

2. «Щучинск-Зеренді» 0-80 шақырымы (Щучинск–Зеренді)

Ұлттық компанияның мәліметінше, қазір еліміздің аумағындағы жолдарды тазалауға 755 арнайы техника жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар