Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Еліміздегі жолаушы вагондарының 45 пайызы тозған

2019 жылғы 16 шілде 11:41
Бөлісіңіз:
Еліміздегі жолаушы вагондарының 45 пайызы тозған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстан 63 жолаушы вагонын сатып алады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚазАқпараттың ресми сауалына берген жауабында айтты.

Ұқсас жаңалықтар
Енді қазақстандықтар темір жол билетін қайтарғаны үшін айыппұл төлемейді Елорда мен Алматыдан қосымша жолаушы пойыздары шығарылады

Министрліктің дерегіне сенсек, қазақстандық жолаушыларға 2,6 мыңнан астам вагон қызмет көрсетеді. Алайда бұл жаз мезгілі мен мереке, демалыс күндерінде жеткіліксіз. Осының салдарынан жаз сайын жұрт көптеген бағыттарға билет таппай сарылады.

«Қазақстандық жолаушы вагондарының паркі 2,6 мыңнан асады. Олардың орташа тозу деңгейі 45,9 пайыз шамасында. Қолдану мерзіміне байланысты вагондардың істен шығуын, адамдар көп жүретін жаз мезгілі мен демалыс, мереке күндерінде вагон тапшылығы болатынын ескерсек, жыл сайын 200-ге жуық жаңа вагон қажет», -делінген ресми мәліметте.

Ведомствоның хабарлауынша, осы қажеттілікті өтеу үшін кезең-кезеңімен қарызға вагон сатып алу жоспарланып отыр.

«Жылжымалы құрамның паркін жаңарту жөніндегі іс-шаралардың күрделі салымдарды қажет ететінін ескере отырып, вагондарды кезең-кезеңімен қарызға сатып алу жөнінде мемлекеттік бағдарлама әзірленген. Бір жолаушы вагонының бағасы - 450 млн теңге», - делінген министрлік жауабында.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, 2016-2018 жылдар аралығында тасымалдаушылар 240 жаңа вагон сатып алған. Сондай-ақ, алдағы уақытта 360 вагон сатып алу жоспарланып отыр. Оның 63-і биыл жеткізілуі тиіс.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT