Еліміздегі жоғары оқу орындарының 72 пайызы - жекеменшік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда биылғы оқу жылында жұмыс істеп тұрған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мекемелерінің саны – 116. Бұл жайында Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Оның ішінде 105 ұйым магистранттарды, 73 ұйым докторанттарды және 18 ұйым-резидентура тыңдаушыларын даярлайды.

Жоғары білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдардың 72,4% – жекеменшікте, 25,9% – мемлекеттік, 1,7% - шетелдік меншікте.

2022-2023 оқу жылында республиканың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 36,4 мың оқытушы жұмыс істеп жүр.

Оның ішінде магистрлер - 39%, ғылым кандидаттары - 29%, доценттер - 13%, философия докторлары (PhD) - 10%, ғылым докторлары - 7%, профессорлар - 6% және бейіні бойынша докторлар - 1%.


Соңғы жаңалықтар