Еліміздегі жеңіл көліктердің 50 пайызға жуығы ескі
2022 жылғы 12 тамыз 22:30

Еліміздегі жеңіл көліктердің 50 пайызға жуығы ескі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда тіркелген көліктердің 48,9 пайызы 20 жыл бұрын шығарылған. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған органның дерегінше, қазақстандықтардың тек 6,8 пайызы шығарылған мерзімі 3-7 жыл аралығындағы көліктерді мінеді.

«2022 жылғы маусымда Қазақстанда 95 801 жеңіл көлік есепке қойылды. Бұл – былтырғымен салыстырғанда 6,5 пайызға аз.

Жалпы, ел бойынша 3 млн 907,2 мың көлік бар. Жеңіл автомобильдер Алматы облысында көп. Онда 501,5 мың көлік тіркелген. Одан кейін тізімде Алматы (463,7 мың көлік) және Нұр-Сұлтан (285,4 көлік) қалалары тұр. Ал, жеңіл автомобильдер ең аз өңір – Қызылорда облысы. Аталған аймақта 97,3 мың көлік тіркеуге алынған», - деп мәлім етті Ұлттық статистика бюросы.

Елімізде тіркеуге қойылған теміртұлпарлардың 86,7 пайызы бензинмен қозғалады. Аралас отынмен жүретін көліктердің үлесі – 9,1 пайыз.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT