Еліміздегі туризм саласында қандай қолдау іс-шаралары қамтылған

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев туризм саласындағы қолдау іс-шаралары туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылы 30 сәуірде Туристік қызмет туралы жаңа Заң қабылданды. Онда мемлекеттік қолдау бойынша бірқатар жаңа ынталандыру шаралары қарастырылған.

Атап айтқанда:

- шетелдік турист үшін туроператорларды субсидиялау (15 мың теңге);

- тау шаңғысы курорттарына арналған техника мен жабдықтар (аспалы жолдар, ратрактар, қар генераторлары) сатып алу шығындарын өтеу (25%);

- туристік объектілерді (10%), жол бойындағы сервис объектілерін салу шығындарын өтеу (10%);

- туравтобустарды сатып алу шығындарын өтеу (25%);

- санитарлық-гигиеналық тораптарды (СГТ) күтіп-ұстауды субсидиялау (83 300 теңге.).

- турпакет құрамындағы балалар авиабилетін субсидиялау (Kids Go Free).

«Осының барлығы жүзеге асырылып жатыр. Бұдан басқа, туристік саланың инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатымен туризм саласындағы инвестициялық жобаны басым жоба деп тану шегі 2 млн айлық есептік көрсеткіштен (6,1 млрд теңге) 200 мың айлық есептік көрсеткішке дейін (600 млн теңге) төмендетілді. Бұл инвестициялық преференциялар алуға мүмкіндік береді», - деді министр.

Бұл қағидаларды орындау үшін заңға тәуелді қажетті нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Сонымен қатар, қағидалар тиімді болуы үшін олардан шектеу шаралары мүмкіндігінше алынып тасталады.

«Бұл жергілікті атқарушы органдар үшін жобаларды өңірдің қажеттілігіне икемделе отырып іріктеуге мүмкіндік береді. Сол үшін өңірлер көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру жұмыстарын барынша жандандыруы қажет. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың позицияларына сәйкес, бюджеттік заңнама негізінде, шығындарды өтеу тетіктері бойынша қолдау шараларына қаражат бөлу рәсімі (туристік объектілер, туравтобустар, жол бойындағы сервис объектілері, тау шаңғысы кешендері) шамамен жарты жылға жетуі мүмкін екенін атап өтеміз. Субсидиялау шаралары бойынша (шетелдік туристке, балалар авиабилетіне, санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп ұстауға) қолдау шарасының қаражаты кәсіпкерлердің өтінімдері негізінде жедел түрде бөлінеді», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар