Еліміздегі тау-кен металлургия саласының алдында қандай міндеттер тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің тау-кен металлургия саласындағы экспортқа бағдарланған тауарлар атауын кеңейту қажет. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Әділбек Сәрсембаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде алдымызда отандық шикізатты барынша терең өңдеу, қосылған құны жоғары өнім шығару және жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған тауарлар атауын кеңейту міндеті тұр», - деді вице-министр елордада өтіп жатқан Astana Mining & Metallurgy 11-ші тау-кен металлургиялық конгресі барысында.

Оның атап өтуінше, экономикалық әлеуеті зор ішкі салаларды да дамыту барынша өзекті бол түсуде.

«Мәселен, қазіргі заманғы материалдар мен технологияларда қолданылатын сирек және өте сирек жер асты металдарының өндірісін дамыту қажет. Бүгінде «Қазмырыш» ЖШС, «Қазақмыс» коропорацияс, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ сынды ірі компаниялар сирек металдарды табысты өндіріп жатыр. Бірақ, қосылған құны жоғары өнім өндірісі үшін шек деңгейін тереңдете түсу қажет», - деді Әділбек Сәрсембаев.


Соңғы жаңалықтар