Еліміздегі сайлауды бақылау үшін 20 мыңға жуық байқаушы даярланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда президент сайлауына бақылау жасайтын байқаушыларды оқытатын тренинг басталды. Тренинг барысында шамамен 20 мың тәуелсіз байқаушыны дайындау көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аманат» азаматтық тұғырнамасы бүгін байқаушыларды дайындайтын капитандарды даярлықтан өткізуге арналған бірінші семинарды бастайды. Бүгін біз ниет танытқан шамамен 30 байқаушыны оқытамыз. Сайлау күні ел аумағында 10 мың учаске жұмыс істейтін болады. Әр учаскені бір-бірін алмастырып отыратын 2 байқаушымен қамтамасыз етуді көздейміз. Осылайша, шамамен 20 мың байқаушыны дайындауды жоспарлап отырмыз», - деді «Аманат» азаматтық тұғырнамасы штабының мүшесі Мұсағали Дуамбеков.
null

Оның айтуынша, «Аманат» азаматтық тұғырнамасының мүшелері ертеңнен бастап Қазақстанның барлық өңірлеріндегі байқаушыларға оқыту семинарларын өткізе бастайды. Бұған қоса, байқаушыларға арнайы «Байқаушының қойын дәптерін» әзірлеп қойған. Онда сайлау кезіндегі іс-әрекеттер түсінікті түрде жазылған.

«Мәселен, біз байқаушыларға қандай аумақта болатынын, егер кабинаға 2 адам кіріп кетсе не талап ету керек, қандай әрекет жасау қажеттігін айтамыз. Сайлау байқаушыларына бүкіл процесті бастан-аяқ жазып алу үшін өздерімен бірге фотоаппарат, камера, батарейка, қуаттандырғыш құрылғы алып жүруге кеңес береміз. Нәтижесінде 10 маусым күні бізде барлық учаскеден өте мол видеоматериал болады», - деді ол.
null

Штаб мүшесінің айтуынша, сайлау процесін жасы 18-ге толған кез келген азамат бақылай алады.

«Ол үшін штабқа хабарласып, өтінім беру қажет. Әлеуетті байқаушыларға өздері дауыс беретін учаскені таңдауға кеңес береміз», - деді М.Дуамбеков.

null null

Соңғы жаңалықтар