Еліміздегі пойыз жұмысын жақсартуға Германиядан мамандар тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Михаэль Кортюм вагондарда тазалық пен қызмет сапасын жақсартуға уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тальгоға алғаш отырғанымда маған ол айтарлықтай ұнады. Стандартты пойыздармен де жүріп көрдім. Бәрі де таза көрінді. Жолсеріктердің барлығы жақсы көңіл-күймен қызмет етті. Бұған қоса, «Жолаушылар тасымалы» АҚ қазіргі уақытта «Дойчебанн» өкілдерімен тығыз жұмыс жүргізу үстінде. Біз алдағы уақытта жолаушылар тасымалының жаңа стратегиясын әзірлейміз», - деді ол елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, алдағы уақытта қызмет сапасын арттыруға басымдық берілмек.

«Жергілікті команданы өз міндетін атқаруда жеткілікті дәрежеде құзыретті деп есептеймін. Десе де, «Дойчебаннан» әріптестерімізді шақырып отырмыз. Осылайша, уақыт өте келе команданы күшейту жоспарда бар», - деді ол.

Еске сала кетсек, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың жақында ғана тағайындалған бас директор Михаэль Кортюм бұған дейін жауапты мекеменің жұмыс жоспарыменбөліскен еді.

Соңғы жаңалықтар