+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Еліміздегі машина жасау саласында 2 мың жұмыс орны ашылады

2021 жылғы 22 қыркүйек 13:00
Бөлісіңіз:
Еліміздегі машина жасау саласында 2 мың жұмыс орны ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы өңірлерде машина жасау саласымен байланысы бар 14 жоба іске қосыу жоспарланған. Соның арқасныда 2 мың тұрақты жұмыс орны пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында «Еңбек» бағдарламасымен 24 348 адам қамтылды Атырау облысында 558 шетелдікті жұмысқа тартуға рұқсат берілмеген Қазақстанда жұмыс іздеген заңгер мен қаржыгерлер көбейді

Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев осындай дерек айтты.

«Елімізде электротехникалық машина жасау секторы қолға алынған атап өткен жөн. 7 айдың қорытындысы бойынша бұл сектордағы өсім 28%-ды, өндіріс көлемі 130 млрд теңгені құрады. Өндірістің өсуіне «Қайнар-АКБ» ЖШС, «Казцентрэлектропровод» ЖШС сияқты ірі ойыншылардың өндіріс көлемін арттыруы әсер етті.

Атап айтқанда, аккумулятор өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есеге өсті. Өнімдер Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Грузия және Италияға экспортталды», - деді министрдің орынбасары.

Вице-министр темір жол машинасын жасау бойынша 7 айда өндіріс көлемі 150 млрд теңге болғанын айтады. Бұл былтырғы кезеңнің көрсеткішінен 50% жоғары көрінеді. Ал ауыл шаруашылығы машинасын жасау бойынша 7 айда өндіріс көлемі 3 есе өсіп, шамамен 86 млрд теңге болған.

«Тау-кен және мұнай-газ машина жасау кәсіпорындары негізінен жүйе құрушы, мұнай сервистік компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған. 7 айдың қорытындысы бойынша екі секторда да жиынтық өндіріс көлемі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% өсіп, 51 млрдтеңгені құрады.

2021 жылы өңірлерде 2 мың жаңа жұмыс орнын ашатын, құны 79,6 млрд теңге болатын 14 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр», - деді Марат Қарабаев


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT