Еліміздегі кинологтардың сертификациялық сынақтары Түркістан облысында өтуде

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы Біркөлік шатқалында еліміздегі жедел-құтқару жасақтары кинологиялық есептерінің сертификациялық сынақтары басталды. Біліктілікті растау үшін  Алматы мен Шымкент қалаларының, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының жедел-құтқару жасақтары қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті ұйымдастырған сынаққа сондай-ақ  Республикалық, Батыс, Оңтүстік  өнірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарының 19 кинологиялық топтары келді. Олар лабрадорлар, неміс, бельгиялық овчаркалар және басқа иттерімен іздестіру-құтқару шеберліктерін көрсетті. Шараға көптеген іздестіру-құтқару операцияларына қатысқан тәжірибелі құтқарушылар қатысты. Із кесушілер  үш кезеңнен тұратын сынақтардан өтті. Бірінші күні кинолог-құтқарушылар және олардың төрт аяқты көмекшілері  «Тыңдауды және ептілікті тексеру» кезеңінен өтті. Сынақтардың бірінші кезеңінен сәтті өткендер келесі күндері табиғи және техногендік ортада іздестіру-құтқару жұмыстарының кезеңдеріне кіріседі. Сынақтардан өтуді құрамында еңбек өтілі мол тәжірибелі кинологтар мен мамандар бар сертификациялық комиссия бағалайды.

Айта кетейік, кинологтардың  сынақтары 20 қазанға дейін жалғасады.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар