Еліміздегі инвестициялық ахуал Ресей мен Беларусқа қарағанда біршама жақсы

None
None
СТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Еліміздегі инвестициялық ахуал Ресей мен Беларустағы инвестициялық ахуалға қарағанда біршама жақсы. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жөніндегі комиссияның отырысында Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова мәлім етті.

Таяуда Ресей және Беларус мемлекеттерімен бірыңғай эконмикалық кеңістікке кіретіндігімізді атап өткен ол «еліміздегі инвестициялық ахуал Ресей мен Беларустағы инвестициялық ахуалға қарағанда біршама жақсы. Шындығында, қазірдің өзінде Ресейде осы жайтқа орай абыржушылық байқалады. Көптеген ресейлік ірі кәсіпорындар ол жақта өндіріс орындарын ашқаннан гөрі біздің елде тіркелген біршама пайдалы деп санайды», деді.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты тәуелсіздік алғаннан бергі 20 жылдың ішінде елімізде көптеген кәсіпорындардың салынуына ақша бөліп, олардың бой көтергендігін, алайда олардың көпшілігі пайдасыз екендігін алға тартты. «Өкінішке қарай, ондай кәсіпорындар қазіргі уақытта мемлекетімізде бар. Мен қазір оларды атамай-ақ қояйын, барлықтарыңыз білесіздер. Бұл туралы Елбасыға баяндадық. Бұл орайда сіздер осы мәселеге назар аударуларыңыз керек», деді алқалы жиынға қатысушыларға қаратып айтқан сөзінде депутат.

Соңғы жаңалықтар