Еліміздегі ең жас көпбалалы ана Жазира Тұрғынова баспаналы болды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі ең жас көпбалалы батыр ана Жазира Тұрғынованың отбасы баспаналы болды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жеті балалы жанұяға тұрғын үйдің кілтін табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсен Тәжібаев осындай жаңалықты әлеуметтік парақшасына жария етті.

«Күні кеше ғана елордада - Елбасының алдында ақтарыла сөйлеп, ел разылығына бөленген батыр ананың өмірі жақсылыққа күрт өзгерді деген осы шығар. Ал Астанадан - Шымкентке поезбен шыққан Жазира, сол сәттен бастап атының шартарапты шарлап кетерін де білген жоқ. Бейсенбінің түсінде теміржол вокзалында анталай күткен тілшілерден тіксініп, тосырқап жүргені де содан. Ал бүгін, қасиетті жұмада киелі Түркістанда облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың қолынан баспананың кілтін алған батыр ана, өң мен түстің ортасында ғажайып күй кешіп тұр» деп жазды ол. null

Басқарма басшысының мәліметіне қарағанда, төрт бөлмелі пәтер Ленгер қаласынан берілген. Ал отағасы Олжас Әбілдабеков арнайы оқыту курстан өтіп, жұмысқа орналасады.null

«Айналдырған үш күнде Жазира Тұрғыноваға тағдырдың керемет сыйы тартылғаны анық. Жеті баланың несібесін, адал жүректі ананың тілеуін Тәңірі берді» деп жазылған сөз соңында. null

Отбасы мүшелері бүгін түс ауа өз үйлеріне қоныстанады деп күтілуде.null

Айта кетейік, бұған дейін ҚазАқпарат тілшісі еліміздегі ең жас көпбалалы ана Жазира Тұрғынова Шымкенттің іргесіндегі Жұлдыз елдімекенінде пәтер жалдап тұрып жатқаны туралы жазған болатын. Жеті баланы тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылардың тұрақты жұмыстары жоқ екені де жеткізілген. Сонымен қатар, Астанадағы Жастар жылының ашылу салтанатында Жазира Тұрғынова өзі сияқты жастарды көпбалалы болудан қорықпауға шақырды.null

Соңғы жаңалықтар