Еліміздегі ең ұзын көшеге жастар ағаш отырғызды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Текелі қаласының жастары Елбасының елді-мекендерді көгалдандыру тапсырмасын орындау мақсатында еліміздегі ең ұзын көшеге көшеттер отырғыза бастады. Кеншілер қалашығындағы Қонаев көшесінің ұзындығы 33 шақырым, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Текелілік жастар Жастар жылын игі істен бастады. Олар қала кіреберісіне қылқан жапырақты ағаштардың 60-тан астам көшетін отырғызды.

Бастаманы қолдауға қала тұрғындары, мемлекеттік қызметтер мен шаһар әкімі Бақтияр Өнербаев келді. Айта кету керек Гиннестің рекордтар кітабына енген Текелі қаласындағы Қонаев көшесінің ұзындығы 33 шақырым. 100-ге жуық түп қарағай болашақта қалаға көрік беріп, жастардың сейіл құратын орнына айналатын болады. Мамандардың айтуынша қаңтар, ақпан айлары қылқан жапырақты өсімдіктердің көшеттерін отырғызуға қолайлы мерзім. null

«Биыл Текелі қаласында жастар аллеясы ашылады. Бұл қарағайлар сол жұмnullыстардың бастамасы деп білеміз. Қаламыздың өркендеуіне осылай үлес қосуға әрдайым дайынбыз», дейді жас маман Сырымбек Батырбеков.


Ал қала басшысы Бақтияр Өнербаевтың айтуынша, жас көшеттер отырғызылған аумақ толығымен абаттандырылады. Жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салынып, көше бойына арық жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар