+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындарының рейтингі анықталды

2015 жылғы 8 тамыз 09:48
Бөлісіңіз:
Еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындарының рейтингі анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚТҚА) еліміздің ең үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингін жариялады.

Агенттік президенті Шолпан Қаланова атап өткендей, бұл ұлттық рейтинг «жоғары білім беру сапасын арттыру құралы, бұл ЖОО қызметінің тиімділігін салыстырудың белгілі бір тетігі» және мектеп түлектері мен жұмыс берушілердің үздік оқу орнын таңдауына бағыт-бағдар береді.

Биыл сегізінші рет өтіп отырған рейтингіге еліміздің 60 жоғары оқу орны қатысты. Үздік бес жоғары оқу орнының көш басында, яғни бірінші орында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті тұр. Екінші орында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, үшінші және төртінші тұғырға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті орналасты. Бесінші орынды С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті иеленді. Ең үздік техникалық ЖОО болып, Қазақ-британ техникалық университеті танылды.

Рейтингті анықтау барысында күндізгі бөлімде оқитын студенттердің және білім беру тапсырысы негізінде оқитын студенттердің үлесі, магистранттар мен Ph'D докторанттар саны, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейі, халықаралық және республикалық деңгейдегі жетістіктері жан-жақты сараланды .

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT