Еліміздегі ең үлкен сулы-батпақты жер Алматы облысында орналасқан

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 2 ақпан — дүниежүзілік сулы-батпақты жерлер күні. Ал еліміздегі ең үлкен сулы-батпақты жер Алматы облысында орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты баспасөз қызметінің мәліметінше, 1971 жылдың 2 ақпанында Иран елінің Рамсар қаласында сулы-батпақты аймақтарды қорғау мақсатында «Рамсар конвенциясы» бекітілген болатын. Қазіргі таңда бұл конвенцияға 170 мемлекет біріккен.

Қазақстан Рамсар Конвенциясына 2007 жылы мүше болды. Еліміздегі 10 сулы-батпақты атырап Рамсар конвенциясы тізіміне еніп, халықаралық маңызға ие болып отыр. Солардың ең ірісі Алматы облысындағы Іле атырабы мен Балқаш көлінің оң жақ бөлігі. Оның аумағы 1 млн гектарға жуық.

2018 жылы осы сулы батпақты аймақты аман сақтап қалу мақсатында Іле-Балқаш резерваты құрылды. Қазіргі таңда резерват аумағы мемлекет қорғауына алынып, өсімдік және жануар қорын молайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта бұл аймақта жоғалып кеткен Тұран жолбарысын жаңғырту жоспары тұр.

2023 жылы бұл жерге Тұран жолбарысына ұқсас Амур жолбарысын жіберу көзделіп отыр.


Соңғы жаңалықтар