Еліміздегі ең білімді оқушыларды анықтайтын турнир басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 мамырда «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша 9,10,11-сынып оқушылары арасында республикалық online-турнир басталады. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Кім білгіш?»  эрудиттер сайысы дәстүрлі турнирге айналды. Биыл үшінші рет өткізіліп отырған турнирдің ерекшелігі ойынның ағылшын тіліндегі нұсқасының қосылуы. Ол қатысушыларға ағылшын тіліндегі білім деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді.

Аталған интеллектуалдық ойын - спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлем, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 30 мыңнан астам сұрақтан тұратын мобильдік қосымша. «Кім білгіш?» зияткерлік ойыны бойынша онлайн-турнир қатысушылар арасында сайыс түрінде өтеді. Ойыншы алты раунд бойы түрлі категориялардағы сұрақтарға жауап беруі қажет. Жеңімпаз дұрыс жауаптар саны бойынша анықталады. Турнир қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде өткізіледі.

Онлайн-турнирге қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі - 2018 жылдың 21 мамырынан 30 маусымына дейін. Республика бойынша жоғары сынып оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатысуға өтінімдерін www.qazaq-found.kz сайтының арнайы байқау парақшасына жібере алады. 

І және ІІ тур 2018 жылғы 1 шілдеден 31 тамызғадейін онлайн режимінде өтіп, қорытынды тур Астанада болады.

Соңғы жаңалықтар