Еліміздегі екі жетекші оркестрдің музыкалық аспаптары жаңартылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрманғазы атындағы ұлттық халық аспаптары және Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрлерінің аспаптары жаңартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің алдағы 90 жылдығы және Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің 40 жылдық мерейтойына орай екі оркестрге 40 домбыра тарту етілді.

«Биыл біз шығармашылық ұжымдармен көптеген кездесулер өткіздік. Ашық диалог барысында көтерілген басты мәселелердің бірі – музыкалық аспаптарды жаңарту және сатып алу қажеттілігі. Бұл көп күттірмей шешуді қажет ететін қордаланған мәселе болды. Сондықтан біз демеушілік қаражат есебінен бұл жұмысты қолға алу туралы шешім қабылдадық. Бірден шебер Жолаушы Тұрдығұловқа 40 домбыра жасаттық. Бүгін сол домбыраларды өздеріңізге табыстап отырмыз. Осы жобаның іске асуына демеу көрсетіп, атсалысқан барша азаматқа алғыс айтамын», – деді Дәурен Абаев.

Домбыралар кәсіпкер және меценат Тимур Тұрловтың жеке қаражаты есебінен сатып алынды.

Соңғы жаңалықтар