Еліміздегі екі дистрибьютор америкалық фильмдерді прокаттауға мүдделі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Берлинде өткен кино байқауда елімізде түсірілген картиналарды көрсетіп қана қоймай, сату да қолымыздан келді. Бұл туралы «Ұлттық киноны қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметіне арналған баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің орталық қарайтын тағы бір мәселе - өзіміз қаржыландыратын фильмдерді дистрибьюбициялау. Аталған мемлекеттік орталық арқылы дистрибьюторлық жүйе құруымыз қажет. Ол еліміздегі кинопрокатта үшінші ойыншы болуы керек. Қазір бізде екі дистрибьютер бар, оның бірі - Sulpak Сinema болса, екіншісі - Meloman. Олар америкалық киностудиялардың өкілі болып саналады, сол себепті олар сол жақтың фильмдерін прокаттауға мүдделі», - дейді «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» басқарма төрайымы Гүлнар Сәрсенова.

Ол Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы отандық фильмдерді америкалық немесе еуропалық фильмдермен бір деңгейде экранға шығаруды мақсат тұтатынын айтты.

«Біз мән беретін тағы бір бағыт - бәсекеге қабілетті кино саласын қалыптастырып, халықаралық дәрежеде серіктес болу. Біздің орталық 2020 жылы отандық фильмдерді халықаралық ең ірі бес байқауға қатыстырады. Біз бірінші рет Берлин кино байқауына қатыстық. 8 күн ішінде 150 кездесу болды. Біз елімізде түсірілген картиналарды көрсетіп қана қоймай, сату да қолымыздан келді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар