Еліміздегі белсенді қызмет ететін шағын және орта бизнестің саны 2,6 пайызға дейін төмендеп кеткен

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Елімізде белсенді қызмет етіп отырған шағын және орта бизнестің саны өткен жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға төмендеп кеткен.

 Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенаты Экономикалық және өңірлік саясат комитеті депутаттарының «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасындағы кездесуі барысында мәлім болды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тарапынан келтірілген мәліметтерге қарағанда, мемлекеттік қолдауларға қарамастан дағдарыс жағдайындағы кәсіпкерлік қызметі белсенділікті жоғалтып отыр. Атап айтқанда, елімізде тұрақты қызмет ететін шағын бизнестің саны өткен жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға төмендеген. Әсіресе, бұндай көрсеткіш Маңғыстау облысында байқалып, ол 17,3 пайызға дейін азайған. Ал Ақмола облысында белсенді қызмет ететін шағын бизнес саны - 5,6, Оңтүстік Қазақстан облысында - 5, Қостанай облысында - 5, Астанада - 8,1, Алматы қаласында 6,8 пайызға кеміген. Бұдан басқа, аталған сектор тарапынан отандық өнімдерді шығару ауқымы да республиканың барлық өңірлерінде қысқарғаны тіркеліп отыр.

Соңғы жаңалықтар