Еліміздегі банк секторының сыртқы борышы 32,2 млрд. долларды құрайды

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Еліміздегі банк секторының сыртқы борышы 32,2 млрд. долларды құрайды.

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетіндегі кездесу барысында ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқов осылай мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында Ұлттық банктің сыртқы активтері 151 млн. долларға дейін артты. Сонымен бірге, еліміздегі банк секторының сыртқы міндеттемелері 6 млрд. долларға дейін азайып, 32,2 млрд. долларды құрады. Бұл шамамен  жалпы ішкі өнімнің 30 пайызына тең деген сөз. 2007 жылмен салыстырып қарастырсақ, ол кезеңде сыртқы қарыз 46 млрд. долларды құрап, жалпы ішкі өнімнің 46 пайызына тура келген болатын. Яғни, өткен екі жыл көлемінде банк жүйесіндегі сыртқы қарыз 16 пайызға дейін төмендеді», деді Б. Тәжіяқов. Оның айтуынша, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге орай, Ұлттық банк жыл басынан бері қаржы секторына қатысты қосымша шараларды жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, 2009 жылы Ұлттық банк тарапынан қайта қаржыландыру ставкасы 7 мәрте төмендетіліп, 10,5 пайыздан - 7 пайызға дейінгі тарихи межеге жетті. «7 пайыздық қайта қаржыландыру деңгейі ең төменгі көрсеткіш болып табылады. Бұған дейін елімізде осындай көрсеткіш болған емес», деді төраға орынбасары. 

Соңғы жаңалықтар