Еліміздегі автожолдардың бірқатар учаскесінде қозғалыс шектелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қолайсыз ауа райына байланысты ұзындығы 1 305 шақырым 9 учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы, 4 облыстың аумағындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді.

Олар:

1. «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» жолының 16-235 шақырымы, Нұр-Сұлтан-Шідерті аралығы;

2. «Омбы-Майқапшағай» жолының 915-1087 шақырымы, Қалбатау–Бұғаз аралығы;

3. «Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары» жолының 7-166 шақырымы, Ушаново-Алтай аралығы;

4. «Өскемен-Шемонаиха-РФ» 105-123 шақырымы, Шемонаиха-РФ шекарасы аралығы;

5. «Ленинский-Ертіс-Русская Поляна» жолының 0-278 шақырымы, Ленинский-РФ шекарасы аралығы;

6. «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» автожолының 0-228 шақырымы аралығы;

7. «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» жолының 0-86 шақырымы;

8. «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево»жолының 0-119 шақырымы;

9. «Тимирязево-Сарыкөл-Қостанай облысының шекарасы» жолының 0-32 шақырымы.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, еліміз бойынша жолдарда 550-ге жуық арнайы техника жұмыс істеуде.


Соңғы жаңалықтар