Еліміздегі алты облыста 4186 шақырым жол жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты ұзындығы 4186 шақырым болатын 32 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұл - еліміздегі республикалық маңызы бар жолдардың 16,8 пайызы.

«Жалпы, алты облыста автожолдар жабылған. Оның ішінде ең көбі Ақмола және Қарағанды облыстарына тиесілі. Көлік қозғалысына шектеу қойылған ең ұзын жол - «Екатеринбург - Алматы» тасжолы» делінген хабарламада.

Еліміздегі автожолдарда 727 арнайы техника жұмыс істеп жүр.

Барлық сұрақтар бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттігінескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар