Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін – министр

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы алғашқы атом электр стансасы қай өңірге салынатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Стансаның қуаты шамамен 2,4 ГВт болады. Оны орнату аумағына келсек, Балқаш таңдалатын шығар. Өйткені бұл аумақ баяғы кеңес заманынан бері жіті зерттелген. Дегенмен, нақты құрылыс аумағы мен технологиялары жөнінде бір тоқтамға келген жоқпыз», - деді Болат Ақшолақов Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, 13 мамырда Энергетика министрі АЭС құрылысы бойынша зерттеу жыл соңына дейін жалғасатынын айтқан еді.

Сондай-ақ, Қазақстанға АЭС салуы мүмкін 4 мемлекет белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар