+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Еліміздегі 9 облыстың аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылғы 4 тамыз 19:42
Бөлісіңіз:
Еліміздегі 9 облыстың аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде 9 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қазгидромет» алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

5 тамызда күндіз Ақмола облысының батысында 36 градус қатты ыстық болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Нұр-Сұлтанда солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 16 м/с.

5 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық болады. Шығыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

5 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн күркірейді. 5 тамызда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

5 тамызда күндіз Қостанай облысында 35-37 градус қатты ыстық болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ертең Қостанай қаласында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 16 м/с жетеді.

5 тамызда күндіз Алматы облысында 35 градус қатты ыстық болуы мүмкін.

Талдықорғанда күндіз 35 градус ыстық болады.

5 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Шығыстан, солтүстік- шығыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді.

Сол күні Ақтөбе қаласында найзағай ойнап, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

5 тамызда Маңғыстау облысынының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ертең таңертең және күндіз Ақтау қаласында найзағай жарқалдап, күн күркірейді. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

5 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап , дауыл соғады, бұршақ жауады. Жел солтүстік-шығыстан кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Оралда ертең найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығ,ы 18 м/с жетеді.

5 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр-бұршақ жауады, найзағай ойнап, дауыл жел соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең Атырау қаласында жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай ойнайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT