Еліміздегі 500-ден астам ақпараттық жүйенің 178-і ғана жарамды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздегі 500-ден астам ақпараттық жүйенің 178-і ғана жұмыс істеп тұр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында ол цифрландыруға бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына қатысты жүргізілген сараптама нәтижелеріне тоқталды.

Оның атап өтуінше, елімізде соңғы 8 жылда 500-ден астам ақпараттық жүйе әзірленіп, оған бірнеше жүздеген миллиард бюджет қаражаты жұмсалған. Алайда, аталған ақпараттың жүйелердің 178-і ғана қажетке жарап тұр.

«Ақпараттық жүйелерді жасаушылардың отандық нарығы 5 квазимемлекеттік компанияның қолына шоғырланған. Олар аталған ақпараттық жүйелерге тапсырыстың шамамен 50 пайызын алған. Осы және өзге де факторлар жемқорлық тәуекелдердің алдын алу және жемқорлық қылмыстардың жолын кесу үшін үлкен мәнге ие», - деді Саян Ахметжанов.

Превенция қызметінің басшысы сараптама нәтижесі тиісті мемлекеттік орғандарға жіберілгендігін баса айтты.


Соңғы жаңалықтар