Еліміздегі 471 гидротехникалық құрылысты жөндеу қажет

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздегі 471 гидротехникалық құрылысты жөндеу керек. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидолла Азидуллин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикалық баланстағы гидротехникалық құрылыстардың тасқын суларды өткізуге дайындығы туралы жағдай келесідей. Республика аумағында барлығы 1 806 тірек гидротехникалық құрылыстар бар. Осы жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша 1 322 гидротехникалық құрылыс зерттелді. 471 нысан жөндеуді талап ететіні анықталды. Оның 327-сі - коммуналдық меншікте. Министрлік гидротехникалық құрылыс тасқын суларын қауіпсіз өткізу және қажетті инертті материалдар мен техниканы дайындау үшін жергілікті атқарушы органдарға тиісті іс-шараларды өткізу туралы ұсынымдар жіберілді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Ғалидолла Азидуллин «Қазгидромет» су тасқыны кезеңін болжау жұмыстарын қалай жүргізетіндігіне тоқталды.

«Қазгидромет» РМК су тасқыны кезеңіне алдын ала болжамды 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 4 ақпанда шығарды. Одан әрі су тасқыны кезеңіне негізгі болжамын 5 наурызға дейін ұсынады. Наурыз айынан бастап гидрологиялық болжамын апта сайын ұсынады. «Қазгидромет» РМК гидрометеожағдайлар күрт өзгерген кезде 2-3 тәулік бұрын су тасқыны қаупі туындауы жайлы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады», - деді вице-министр.


Соңғы жаңалықтар