Еліміздегі 4 ақылы жолдан бір жылда қанша қаражат түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылы еліміздегі төрт ақылы учаскеден 5 389 млн теңге қаражат түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Бүгінгі күні елімізде жалпы ұзындығы 682 шақырымды құрайтын 4 ақылы учаске бар. Бұл Нұр-Сұлтан-Щучинск, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас автожолдары.

Ақылы учаскелердегі төлемақы мөлшері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен, автокөліктің жүк көтергіштігіне байланысты бекітілген. Өткізу пунктінде кептелісті болдырмас үшін алдын-ала төлем жүйесі енгізілген. Жеңіл автокөліктер үшін арнайы дифференциалды тариф те бар. Яғни, алдын-ала төлем жасаған автокөліктердің төлемақысы екі есе арзан. Сондай-ақ, ақылы автожолдың маңайындағы елді мекендерде тіркелген автокөліктерге құны 1000 теңгені құрайтын 1 жылдық абонемент қарастырылған.

2019 жылдың қорытындысы бойынша төрт ақылы учаскеден жиналған қаражат 5 389 млн теңгені құрады. Оның ішінде: «Нұр-Сұлтан-Теміртау» - 1 729 млн теңге, «Нұр-Сұлтан-Щучинск» - 1 700 млн теңге, «Алматы-Қорғас» - 988 млн теңге және «Алматы-Қапшағай» 972 млн теңге. Сондай-ақ, бір жыл ішінде (2019 жылы) барлық ақылы учаске бойынша 10,5 млн автокөлік жүріп өткен.

Осылайша, жиналған 5 389 млн теңге және 77,8 млн теңге көлеміндегі қосымша табыс төмендеглерге жұмсалды:

- 2 690,1 млн теңге автожолды күтіп-ұстау және жөндеуге;

- 1 401,3 млн теңге бағдарламалық-аппараттық кешенді күтіп-ұстауға;

- 594,6 млн теңге қосымша құн салығы мен корпоративтік табыс салығына;

- 14,2 млн теңге қосымша шығындарға;

- 543,4 млн теңге жол-пайдалану техникасы мен төлем қабылдау пунктіне қажетті жабдықтарға;

- шығыннан артылған 223,2 млн.теңге көлеміндегі қаражат республикалық бюджетке аударылды.

2019 жылы бағдарламалық-аппараттық кешенді жөндеу және күтіп-ұстау, сондай-ақ, «Нұр-Сұлтан-Щучинск» ақылы автожолын жөндеу және күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды «Ақылы автомобиль жолдары Дирекциясы» филиалы жүргізді. Ал, «Нұр-Сұлтан-Теміртау», «Алматы-Қапшағай» және «Алматы-Қорғас» учаскесіндегі жұмыстарды «Қазақавтожол» ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асырған.


Соңғы жаңалықтар