Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Еліміздегі 10 аймақта ауа сапасы нашар – вице-министр

2022 жылғы 15 маусым 11:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі 10 аймақта ауа сапасы нашар. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның 45 өнеркәсіптік аймағындағы ауаның ластану деңгейіне мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 10 аймақта ауа сапасы нашар екені анықталды.Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалаларында ауаның ластану деңгейі өте жоғары. Оған үш негізгі фактор әсер етеді. Мәселен, Нұр-Сұлтан мен Алматыда жылыту электростанциялары ауаға зиянды қалдықтарды көп мөлшерде бөледі. Теміртау мен Өскеменде экологияға ірі көлемде зиян келтіретін – ол өнеркәсіп. Ал батыс өңірлерде ескірген кәріз жүйелері ауаны ластап отыр», – деді вице-министр.

Зүлфия Сүлейменованың дерегінше, өңірлердегі экология ахуалын жақсатру үшін 16 жол картасы әзірленген.

«Жол картасына сәйкес, 485 іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. 2020 жылдан 2022 жылдың бірінші тоқсанына дейін белгіленген жұмыстар 50%-ға аяқталды. Осы шаралардың нәтижесінде 2025 жылға қарай 10 аймақтағы экологияның ластану деңгейі төмендейді деп болжап отырмыз», - деп атап өтті Зүлфия Сүлейменова.

Елімізде ауаның ластануына себепші болып отырған ірі 16 кәсіпорын бар. Вице-министрдің айтуынша, аталған компаниялар өз қаражаттары есебінен зиянды қалдықтар мөлшерін 20-30%-ға дейін азайтуға міндеттелді.


Автор:

Әлихан Асқар

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары