09:52, 02 Наурыз 2021 | GMT +6
Елімізде жыл сайын АӨК-те 80-ге жуық жоба іске асырылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жыл сайын агроөнеркәсіп кешенінде 80-ге жуық жоба іске асырылатын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жалпы агроөнеркәсіптік кешеннің даму әлеуеті өте жоғары. Алға қойылған ауқымды міндеттерді іске асыру үшін 4 трлн теңгеден астам сомаға 400 жуық инвестициялық жобаны кезең-кезеңімен іске асыру жоспарланған. Бұл агроөнеркәсіп салаларында еңбек өнімділігін ұлғайтып, ауылдық елді мекендерде 500 дейін жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік жасайды», - деді ол.
Үкімет басшысы «Нұр Отан» партиясының бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша нақты индикаторлар айқындалғанын еске салды.
«Жыл сайын шамамен 70-80 жобаны іске қосу жоспарланған», - деді Асқар Мамин.