Елімізде жыл басынан бері 72 млн-ға жуық тонна көмір өндірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көмір экспорты жеті айда болмашы ғана төмендесе (3 пайыз), алайда ақшалай мәні бірден 27 пайызға төмендеген. Бұл туралы ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында қоңыр көмір мен көмір концентратын қоса алғанда 71,7 тонна тас көмір өндірілген – бұл өткен жылмен салыстырғанда 0, 3 пайызға аз. Ақшалай мәнде көмір өндіру көлемі 211,5 млрд теңгені құраған.

Еске сала кетсек, былтырғы жылдың қаңтар-тамыз айларында 71,9 тонна көмір өндірілген, ол алдыңғы жыл көрсеткіштерінен қарағанда 2,3 пайыз аз болған. Жалпы алғанша, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елде 115,4 млн. тонна көмір шығарылды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың соңына дейін өндіріс көлемі 117 миллионға дейін өсіріледі. Оның көптеген бөлігі ішкі нарыққа өтеді.


Соңғы жаңалықтар