Елімізде жыл басынан 34 бала суға кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жыл басынан бері 34 бала суға тұншығып мерт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қабылданған іс-шараларға қарамастан жыл басынан бері балаларды қараусыз қалдыру кесірінен, белгіленбеген жерде суға түсудің салдарынан 34 бала қаза тапты. Жалпы, жыл баснан бері Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары 48адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Комитет басшысының дерегінше, елімізде суға түсуге арналған 469 орын бар. Оның 118-і коммуналдық және 275-сі жекеменшік жағажай саналады. Айта кетерлігі, жыл басынан бері Төтенше жағдайлар министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су қойнауларында орын алатын төтенше оқиғалар тәуекелін төмендетуге бағытталған кешенді іс-шараларды қолға алып, дер уақытында жүргізіп жатыр. Мәселен, 31 наурызда Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен барлық деңгейдегі әкімдіктер мен мемлекеттік органдардың міндеті айқындалған. Шомылу маусымын өткізуге орталық және жергілікті атқарушы органдардың дайындық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өткізілген.

«Өңірлерде судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері барлық деңгейдегі төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың отырысында қаралды», - деді Бауыржан Сыздықов.


Соңғы жаңалықтар