+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Елімізде жұмысынан айырылған 64 мың адам мемлекеттен жәрдемақы алды

2021 жылғы 24 маусым 14:56
Бөлісіңіз:
Елімізде жұмысынан айырылған 64 мың адам мемлекеттен жәрдемақы алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 маусымға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 64,4 мың адамға жетті. Бұл ретте осы жылы 39,9 мың адамға алғаш рет төлем тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар бір мезгілде берілмек Жыл басынан бері мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады.

Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:

- eGov.kz порталында авторизациялану;

- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;

- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;

- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;

- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі берілетін болады (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін сізге ХЖҚО қызметкері хабарласады);

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді.

Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеген кезеңде оны қолдауға арналған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жұмыссыздарды тіркеу рәсімдерін жеңілдету және жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік қызметтер алуды жеңілдету үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электрондық еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қашықтықтан қызмет көрсету функционалын іске қосты.

Қазақстандықтар ЭЕБ-тегі «жеке кабинетінде» жұмыс іздеуші адам немесе жұмыссыз ретінде есепке тұра алады және тіркеудің барлық кезеңдерін қадағалай алады.

Жұмыссыз мәртебесін алғаннан кейін азаматтар (әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар) онлайн режимде ЭЕБ-да жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемге өтінім жібере алады және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына– жастар практикасын, әлеуметтік жұмыс орындарын, қоғамдық жұмыстардағы бос жұмыс орындарын өз бетінше таңдай алады.

Жоғарыда көрсетілген қызметтерді онлайн режимде алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, ЭЕБ-да тіркеуден өту қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT