Елімізде жұмыспен қамтылғандардың 17 пайызында кәсіптік білім жоқ

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде жұмыспен қамтылғандардың шамамен 17 пайызында кәсіптік білім жоқ. Бұл жайында Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда еңбек нарығында өзін өзі жұмыспен қамтыған халықтың 32 пайызы тек мектепте алған білімімен ғана шектелген. Бұл деңгей негізінен ауылдық жерлерде байқалады. Ол өнімділіктің, инновациялық технологияларды енгізудің және болашақта саланы дамытудың төмен дәрежесіне әкеп соғады. Жұмыспен қамтылғандардың шамамен 17 пайызының және жұмыссыздардың 21 пайызының кәсіптік білім жоқ», - деді Үкімет басшысының орынбасары Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалық кеңсе басқарушы комитетінің көшпелі отырысында.

Оның айтуынша, жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің біліктілігін уақытылы арттырып отырмайды.

«Ресми статистика деректері бойынша, біліктілігі бар қызметкерлердің жыл сайынғы саны жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 10 пайызынан аспайды», - деді ол.


Алтай Көлгінов кадр дайындау деңгейі де төмен екендігін баса айтты.

«Оқу орындары түлектерінің шамамен 40 пайызы жұмыс таппайды. Колледж түлектерінің 49 пайызы мамандық бойынша жұмыс істемейді. Осындай проблемалар бар», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар