Елімізде жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық экожүйесі құрылған - бірінші вице-министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық экожүйесі құрылған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзбекстанда өтіп жатқан халықаралық конференциясыда бірінші вице-министр Қазақстанда кәсіптік стандарттарды әзірлеу жалғасатынын, біліктілікті тану орталықтары арқылы машықтарды сертификаттау жүргізілетінін атап өткен. Бұдан басқа, «Кәсіптік біліктілік туралы» заңды әзірлеу және Ұлттық біліктілік органын құру бойынша шаралар жалғасып жатыр.

«Электрондық еңбек биржасы базасында Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық экожүйесі, басқаша айтқанда, халыққа арналған жұмыспен қамту қызметтерінің онлайн супермаркеті құрылды. Бұл экожүйе азаматтарды қызмет таңдаудан бастап еңбек қатынастарын рәсімдеуге дейінгі кәсіби жолда сүйемелдейді», – деді ол.

Экожүйе бірнеше элементтерден тұрады: Enbek.kz жұмысқа орналастыру жөніндегі бірыңғай цифрлық алаңы, Skills Enbek онлайн оқыту платформасы, Business Enbek және HR Enbek платформалары, сондай-ақ кәсіптер бойынша жоспарланған Цифрлық нұсқаулық.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде алдағы 5-10 жылда 240-қа жуық кәсіп пайда болуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.

Ал қазіргі таңда Қазақстанда 300 мыңға жуық фрилансер жұмыс істейді


Соңғы жаңалықтар