Елімізде жүк айналымы 8,6 пайызға өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қаңтар-қазанында Қазақстандағы жүк айналымы 491,351 млрд тонна шақырымды құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,6 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика минитсрлігі Ститистика комитетіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, есептік кезеңде бәрінен де темір жол көлігінің жүк айналымы 9,5 пайызға артқанын көруге болады. Ал құбыр жүргізу көлігінде 8,2 пайыз өсім байқалады. Жүк тасымалдау көлемі 3,316 млрд тоннаны құрады (өткен жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 5,4 пайызға артқан). 

Осы жылдың қаңтар-қазанында жолаушы айналымының көлемі 232,824 млрд жолаушы-шақырымды құрады (өсім +3,8 пайыз). Автокөліктегі жолаушылар легі - 3,2 пайызға, әуедегі - 15,7 пайыз өсім көрсетті. Осы уақыт ішінде 18,908 млрд жолаушы (+1,7%) тасымалданған. 

Соңғы жаңалықтар