Елімізде жол мәселесі қалай шешіліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев Алматыға келген сапарында еліміздегі жолдардың мәселесі жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің жолдарына қатысты сын үнемі айтылатыны рас. Ол - мердігер компаниялардың жіберген олқылықтары. Біз оларды жою үшін бүгінде тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз»,-деді вице-министр.

Берік Камалиев сондай-ақ, жобалық-сметалық құжаттарды сапалы дайындау қажет екенін айтты.

«Мысалы, Қазақстанның әр өңірінің климаты әртүрлі. Жобалық-сметалық құжаттарды дайындағанда соны ескеру керек. Осы мәселеге байланысты біз жол саласында еңбек етіп жүрген компанияларға, мердігерлерге, жобалық институттарға тиісті тапсырмалар береміз»,-деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, жергілікті жерлерде, облыстық, аудандық жолдарда, қала ішіндегі жолдарда көп мәселе бар.

Ол мәселелерді шешу үшін ҚР Үкіметі бұл жолдардың сапасын республикалық деңгейге жеткізу туралы тапсырма берген.

«Осыған орай «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» құрылған. Енді осы орталық арқылы республикалық маңызы бар жолдардан бөлек, облыстық, аудандық, жергілікті жерлердегі жолдардың да сапасын қадағалайтын боламыз. Біз сондай шешім қабылдадық»,-деп атап өтті ол.


Соңғы жаңалықтар