Елімізде Жол картасына байланысты дайындық жұмыстары аяқталды -ҚР Премьер-Министрі

None
None
ырдың 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Осы кезде еліміздің барлық өңірлерінде Жол картасына байланысты дайындық жұмыстары аяқталды. Бұл мәселе бойынша  аз уақыттың ішінде тиісті нормативтік-құқықтық база да дайындалды. Жол картасын іске асыруға биылғы жылы 191 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу қарастырылып отыр. Бұл туралы бүгін  Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы мен Жол картасын іске асыруға арналған жиын барысында  Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның мәліметтеріне қарағанда, Жол картасын іске асыруға бағытталған қаржының 140 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен, 51 млрд. жергілікті бюджеттерден қарастырылған. Бұл ретте жастар саясаты бағдарламасы мен халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту мақсатында 254 мың жұмыс орнын және 96 мыңға жуық уақытша жұмыс орындарын ашу көзделген.

 «Биылғы жылдың 5 айында жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірген 164 мың адамның 81 мыңы тұрақты және маусымдық жұмыстарға, ал 58 мыңы қоғамдық жұмыстарға тартылды», деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар